«Ұлттық киім — ұлттың үні» атты дресс код күні
Колледждің 25-қазан — Республика күнін атап өтуге арналған «Республикам — рухымның тірегі» атты онкүндіктің жоспарына сәйкес «Ұлттық киім — ұлттың үні» атты дресс код күні өткізілді. Қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін таныту, жастарға ұлттық болмысты сіңіру, өз ұлтына, тіліне, киіміне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатын көздеген шараға студенттермен қатар барлық колледж қызметкерлері де өз үлестерін қосты.

__fbb73b43463068e4b3763c368ec5a2f8.jpg)