Аңшылық қазақтың байырғы кәсібі
11.05 күні Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі студенттеріне "Аңшылық қазақтың байырғы кәсібі" тақырыбында мұражай қызметкерлері дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Халқымыздың ұлттық аң аулау дәстүрімен таныстыру, аңшылық өнерінің ата-бабаларымыздың өмірінде алатын орны туралы түрлі пікірлерді келтіре отырып бүгінгі ұрпақтың бойына асыл мұраларға деген қызығушылық көзқарасты қалыптастыру, тәуелсіз елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту.