А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл


Қазақстан халқы тілдері күні мен А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай әзірленген жоспарға сәйкес

А. Байтұрсынұлы шығармаларының желісі бойынша бейнелеу өнерінен топаралық сайыс өткізілді. 

1-орын — Бердаулетқызы Махаббат,  ХТ-22 тобы

2-орын — Исаева Гүлжанат,  ВТ-22тобы

3-орын — Еламан Олег,  ВТ-22тобы

3-орын— Балтабек Гүлжайна,  ХТ-22тобы

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

1-орын иеленген Бердаулетқызы Махаббаттың жұмысы облыстық байқауға жолданды. Сәттілік тілейміз! 

Жарияланған күні: 0





















Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді


Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі.  Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова  Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы»  , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды.  Барлық топтарда « Колледж  - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында  топ сағаттары өткізілді.