"Ұлттық теңге - ұлттық мақтанышымыз!" тақырыбында тәрбие сағаты
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 15 қараша -"Ұлттық валюта күніне" орай колледж студенттеріне Г.М.Маңғыбаева "Ұлттық теңге - ұлттық мақтанышымыз!" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.Aқшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.Кітапханашы Ж.К.Догдырбаева студенттерге теңгенің жасалуы, ұлттық валютаның енгізілуі еліміздің экономикалық егемендігін қамтамасыз етудің нақты негізі болғаны, теңгенің тәуелсіз Қазақстанның символы екендігі туралы ақпарат беріп, "Ұлттық теңге-ұлттық мақтанышымыз!" атты кітап көрмесін таныстырды.
