«ZHASTAR TALKS» TED-x форматында спикерлермен еркін түрде кездесу өтті


06.12 күні Ақтау қаласы «Достық» үйінде өткен Маңғыстау облысының білім басқармасы және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «ZHASTAR TALKS» TED-x форматында спикерлермен еркін түрде кездесу өтті. Кездесу барысында Біртұтас тәрбиенің 3 құндылығы ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ  МҮДДЕ (ОТАН) туралы әңгіме айтылды, және де жастар арасында есірткі, нашақорлық, әлеуметтік желілердің зияны туралы сөз қозғады. Кездесудің соңында басқарма басшысы Жұмашева Динара Нағимоллақызы белсенді және үздік студенттердің ата-аналарына алғыс хатпен марапаттады. Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің «Көркем еңбек мұғалімі» мамандығының ІІ курс студенті Сатыбалдина Жұлдыздың ата- анасы марапатталды.

  

Жарияланған күні: 0