2022 жылдың 15 қараша күні «Жұмыс беруші күні» өтті
Түпқараған гуманитарлық - техникалық колледжінде Қазақстан Республикасынның Оқу-ағарту министрлігінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні»
іс-шарасын өткізу тұжырымдамасына сәйкес жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында «Каспиан Оффшор Констракшн» ЖШС, NCOC компаниясы, аудан көлеміндегі мектептері мен мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, БАҚ өкілдері, ауыл әкімі қатысуымен кәсіби әріптестік деңгейде кездесу өтті.
Кездесу барысында кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Колледж «Касспиан Оффшор Констракшн» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Г.М. Маңғыбаева «Білім беру үрдісінде дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі» туралы және директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова «Академиялық дербестік – білім сапасын жақсартуға жол ашады» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесудің практикалық бөлімінде шеберханалар, зертханалар мен құзыреттілік орталығында кәсіби стандарттар бойынша дайындалған Білім беру бағдарламаларының мазмұнына талдау жасалып, түлектер моделі таныстырылды.
Дайындалған іс – шараның жоспары бойынша колледж психологы А.А.Тулепова «Жұмыста табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Колледжбен әлеуметтік серіктестіктегі жетістіктері үшін «Қаражанбасмұнай» АҚ мен NCOC компаниясының басшыларына
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаты, «Ақбота», «Алпамыс» бөбекжайлары мен «Каспий коммуналдық қызмет» ЖШС мекемелеріне Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хаттары, сондай-ақ тығыз қарым-қатыныста жұмыс жасап жүрген серіктес мекемелерге колледж директорының Алғыс хаттары табысталды.