Амал мерекесіне байланысты мерекелік іс-шара өтті.


14.03 күні 14 наурыз - Амал мерекесіне байланысты мерекелік іс-шара өтті. Бұл ұйымдастырылған шараға колледж ұжымы мен студенттері белсене қатысты. Үлкендер өскелең ұрпаққа амал мерекесі туралы мәліметтер айтып, өнегеге толы бата-тілектерін айтты. Студенттер де бұл аталған шарадан өздеріне керекті бірқатар ақпарат ала алды.

Амал мерекесі туралы

Бұл күн — «Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні.

Бұл күннің тағы бір ерекшелігі бар. Көрісу күні бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман-есен шыққандықтарына тәубе келтіреді.

Амал таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін ашып қойып, жақсы тілектер тілейді. Ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.

 

Жарияланған күні: 0