Тәжік - ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету


11 сәуір күні Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжінде Тәжік – Ауған шекарасындағы бітімгершілік күштерімен әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлер Б.Бектаев, Н.Селбаев қатысуымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Тәжік - ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған  азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру. Кездесу  барысында ардагер қонақтар әскер қатарында  жүрген уақытта болған оқиғаны баяндап, оқушылармен  ортақ тақырыпта әңгіме өрбітіп, өскелең жас ұрпақ бойына патриоттық рух сыйлап, ақыл-кеңестерін ортаға салды. 

Жарияланған күні: 0