Оқуға құштар колледж-оқуға құштар ұлт


Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледж кітапханасында "Оқуға құштар колледж-оқуға құштар ұлт" жбасын аясында "Кітапханға кітап сыйла" акциясы өткізілді.

Акция мақсаты- кітап мәртебесін көтеру, жастарға кітап оқуды насихаттау.
Адамзат баласының қол жеткізген жетістіктерінің бірі-білім қазынасы. Дана халқымыз: "Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады, "- деп бекер айтпаса керек. Кітап-білімімізді молайтады, кітаптан үлкен өнеге аламыз. Кітапханаға кітап  сыйға тартқан студенттер оқу жылының барысында кітапханадан үзбей кітап алып,оқып, ой түйіп , ұрпаққа қалар ең үлкен мұра-кітап екендігін,өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің шыңы осы кітапта екенін түсінгендей.  Акция соңында іс-шараға  белсенді қатысқандары үшін студенттерге алғыс айтылды.
#ТГКК
#тәрбиебөлімі
#оқуғақұштарколледж 

Жарияланған күні: 0



24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта  жаңадан келген көркем әдебиет  кітаптарға таныстырылым сағаты өтті. Мақсаты: жаңадан келген көркем әдебиеттерді студенттерге таныстыра отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын...