Оқуға құштар колледж
Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледж кітапханасында "Оқуға құштар
колледж" бағдарламасы аясында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына
байланысты "Мағжан жыры мәңгілік" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты: Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың
шығармашылығын жас ұрпаққа дәріптеу. Сайысқа әр топтан студенттер
белсенділікпен қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Балтабек Ару мен
Телегұсова Айдана ХТ - 22 тобының студенттері 1- орын, Балтабек
Гүлжаина ХТ - 22 тобының студенті 2 - орын, Иқсатов Бейбіт ТСП - 22
тобының студенті 2 - орын, Алтынбекұлы Руслан ВТ - 22 тобының студенті
3 - орын, Айбекұлы Арман ВТ - 22 тобының студенті 3 - орынды иеленді.
#Тәрбиебөлімі
#ТГКК
#оқуғақұштарколледж
24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта жаңадан келген көркем әдебиет кітаптарға таныстырылым сағаты өтті. Мақсаты: жаңадан келген көркем әдебиеттерді студенттерге таныстыра отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын...