НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС! Мамандықтар тобы бойынша бөлімше меңгерушісі

«Түпқараған гуманитарлықкәсіптік колледжі» МКҚК, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып, 2025 жылдың қыркүйек айының 10-18 күндері аралығында қажетті мамандарға конкурс жариялайды. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріне, "Enbek.kz" және колледждің ресми сайтына https: //tgtk-bautino.edu.kz/kz/ , "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде (бұдан әрі - Модуль) (https://hr-nobd.edu.kz/) жарияланады. 

-   Мамандықтар тобы бойынша бөлімше меңгерушісі – 1,0 жүктеме, тұрақты  штат.

Еңбекақы мөлшері: біліміне, біліктілік санатына, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

Лауазымдық міндеттері:

педагогикалық ұжым қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады;

оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагогтердің жұмысын, сондай-ақ әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;

білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының кестесін жасау үшін материалдар дайындауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

білім беру және тәрбие процестерінің сапасын және білім алушылардың білім беру даярлығы нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;

педагогтерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;

педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;

кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

оқу-материалдық базаны нығайту, оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдайды;

жабдықтардың сақталуын, санитариялық-гигиеналық талаптардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;

оқытушылардың есептілікті уақытылы жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуін қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары;

білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

басқарудың инновациялық әдістері;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 1 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 2 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл; педагог-шебер үшін – 4 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

2) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындайды;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

4) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

Конкурсқа қатысатын педагогтарға қажетті құжаттар тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,

кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/

академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттарды 2025 жылдың қыркүйек айының 10-18 күндері аралығында кадр бөлімі меңгерушісі  Шолтаманова Гульмира Кайыркановнаға  (тел.8701 2671799) тапсыруларыңыз сұралады.

Жарияланған күні: 10 қыркүйек 2025

«Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі» МКҚК, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып,...

...

...

...

...

«Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі» МКҚК, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын негізге ала...

«Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі» МКҚК, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып,...

«Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі» МКҚК, ҚР Білім және ғылым Министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, 2024 жылғы  30 шілде – 08 тамыз аралығында қажетті мамандарға конкурс жариялайды. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар Instagram, Facebook...

!  Ақпараттық коммуникациялық технологиялар  120 сағат ! Физика   144 сағат ! Химия 144 сағат ...

«Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі» МКҚК, 2022-2023 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып,қажетті мамандарға конкурс жариялайды.  Қажетті мамандар саны: ❗Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы 1...