ТЕРОРРИЗМ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНУ
Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні "Түпқараған аудандық жастар орталығы" теолог маманы Нұрбек Жолдасбайұлы колледж студенттеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жалған діни ағым өкілдері қолданатын психологиялық әдіс-тәсілдерден қорғану туралы айтты. Эстремизм мен терроризмнен, діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды.
Теолог маманы өз сөзінде колледждегі студенттердің негізгі міндеті мамандық алу екендігі, әр басқан қадамымызды ата-анамызбен, оқытушылардан және жауапты мамандармен ақылдаса отырып, жасау қажеттілігін баса айтты.
Жастарды жарға жығар жат ағымдардан сақтану жолдары да айтылып, ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болу жөнінде айтылды.
Кездесуде студенттер тарапынан сұрақтарға жауап беріліп, кері байланыс орнатылды.
