Қайырымдылық аукционы


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Көркем еңбек пәні мұғалімі» мамандығының 2 курс студенттері «Қайырымды бол»  жобасы аясында қайырымдылық аукционына өздерінің жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынды.  Ең төменгі сату бағалары:

* өңіржиек- 5000 тг.

* сырға- 1500тг.

* қарсы ілгектер,  үлкені - 4000тг, кішісі-3000тг.

* білезіктер - 700тг.

*брошь-2000тг.

Аукцион қараша айының 16-20 аралығында 87754280209 нөмірінің ватсап желісінде жүргізіп, ең жоғарғы баға ұсынған адамға сатылды. Аукционнан 26000 теңге түсті. Түскен қаражатқа жағдайы төмен көпбалалы отбасыдан шыққан студентке киімдер алынды.  

Жарияланған күні: 31 мамыр 2022