Жаңалықтар


«Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі» МКҚК орыс тілі пәнінің І - санатты оқытушысы Нұрбердіханова Назгүл Батырбекқызы еңбек жолын 1984 жылы Форт-Шевченко қаласы, Аташ селосының Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастады. 1997-2003 жылдары Е.Өмірбаев орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2003-2015 жылдан бастап Түпқараған ауданында ашылған Маңғыстау политехникалық колледжінің Форт-Шевченколық филиалының директоры лауазымы қызметін атқарды.
2015 жылы «Түпқараған гуманитарлық - техникалық колледжі» Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаевтың қаулысымен құрылды. Назгүл Батырбекқызы Түпқараған ауданының жас жеткіншектерінің кәсіптік білім алуына жағдай жасалуына, ауданда аталған колледждің ашылуына зор үлесін қосып, үнемі облысқа мәселені көтере жүріп, аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларының ауылдан ұзамай білім алуына барлық мүмкіндік жасалуы жолында еңбек етті.
2016-2018 жылдар арлығында МКҚК «Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінде» басшының уақытша міндетін атқарды. Қазіргі таңда осы аталған колледжде бірініші санатты орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы.  Ол үздіксіз ізденісте, жаңалыққа құмар, өз білімін үнемі жетілдіріп отыратын, сабақ процесінде жаңашыл технологияны қолданып, жаңа әдістер арқылы білім мен басқаруды жүргізетін тәжірибелі ұстаз.
Назгүл Батырбекқызы жас мамандарға үлгілі ұстаз, өз тәжірибесімен, білімімен бөлісіп отырады. Ұстаздардың білімін толықтырып, жаңа технологияларды қолданып, студенттерге сапалы білім беру мақсатында атқарылып жатырған жұмыстарына өз ойын қосып, үнемі баға беріп, колледждегі сапалы білім, тәрбие беруді назарында ұстайды. Колледж студенттері аудандық, облыстық сайыстардан көрініп жүр. Ұжымға сыйлы, тәжірибелі ұстаз, басшы бола білді. Үздік жұмыстары үшін бірнеше рет облыс әкімінің алғыс хаттарымен, білім басқармасының мақтау қағаздарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» 2011 ж., «Маңғыстау политехникалық колледжінің 40 жылдығы» 2012 ж., «Маңғыстау облысының 40 жылдығы» 2013ж. төсбелгілерімен марапатталды
Назгүл Батырбекқызы өз білімін үнемі жетілдіріп отырады, өз пәні бойынша 2020 жылы Орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Орыс тілі» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушыларының білімін арттыру, «Педагогтердің ІТ-құзыреттіліктерін дамыту және жетілдру», 2021 жылы Орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Орыс тілі мен әдебиеті» жалпы білім беру пәндері бойынша біліктілігін арттырды,  басшы ретінде «Менеджмент в управлении образовательным процессом», «Модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіпттік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік - техникалық қызметкерлерін халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 
Нұрбердіханова Назгүл Батырбекқызы сапалы білім беру мақсатында атқарылып жатырған жұмыстарына зор үлесін қосып, үнемі баға беріп, колледждегі сапалы білім, тәрбие берудегі білім саласына қосқан еңбегі үшін директор жанындағы кеңес шешімімен «Еңбек ардагері» медалімен наградтауға лайықты деп танылып, марапатқа ұсынылады. 

Жарияланған күні: 0



7.04 күні 7 наурыз – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Менің денсаулығым – менің болашағым» апталық аясында «Көңілді старт» эстафеталық жарыс өткізілді.


Мақсаты: Салаутты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Студенттердің денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуныа жағдай жасау, бір – біріне деген достық қарым – қатынастарын дамыту. 
















24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта жаңадан келген көркем әдебиет кітаптарға таныстырылым сағаты өтті.


24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта  жаңадан келген көркем әдебиет  кітаптарға таныстырылым сағаты өтті. Мақсаты: жаңадан келген көркем әдебиеттерді студенттерге таныстыра отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапханашы Доғдырбаева Ж. колледж кітапханасының көркем әдебиеттермен толықтырылғанын айта кетіп, жаңадан келген кітаптарды барша студенттерге оқуға ұсынды.  


«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова колледж студенттерімен кездесу өткізді.


«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова  колледж студенттерімен кездесу өткізді. Мақсаты:  құқық бұзушылықтың алдын алып, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы ескерту.  Кездесу барысында мамандар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, заң талаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына тыйым салынған, пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін атап өтті. Студенттер кездесу барысында сұрақтар қойып, жауаптарын алды. 


22.02 күні Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде "Ерте жүктіліктің алдын алу" мақсатында қыз балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: отбасын жоспарлау және неке мәселелері бойынша кеңес беру, жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі туралы ағарту.


Колледж психологы Тулепова А. баланың психикасын өзгертетін жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі қандай екенін айтып, бейнеролик көрсетті. Колледж медбикесі Дүйсеева А. ерте жүктілік және амалсыз аборт қыздың денсаулығына орны толмас зиян келтіретінін айтып және оның одан әрі репродуктивті функциясына әсер ететінін айтып түсіндірді.  


17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.


Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.