колледжімізде ата-аналар мен студенттерге арналған жиналыс өткізілді


06.04 күні колледжімізде ата-аналар мен студенттерге арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа "Саламатты ел " қоғамдық қорының директоры  Есетова Гүлзира Бүркітовна,  ювенолог-дәрігер — Нугманова Кабира Сакеновна,  педагогика ғылымдарының  кандидаты, психологиядан қауымдастырылған профессор, гештальт-кеңесші — Егинисова Алмажай Кулжановна  және аудандық емхана дәрігер-педиатры — Дощаева Гүлжан Рзашовна қатысты. "Балалар жылына " орай балаларды әлеуметтік қорғау,  салауатты өмір салтын насихаттау,  ерте жүктіліктің алдын алу,  суицид фактілерінен сақтандыру тақырыптарын қамтыған жиналыс жоғары дәрежеде өткізілді. Еркін форматта өткізілген жиналыстан ата-аналар мен оқытушылардың керемет әсер алғаны сонша, ұйымдастырушы колледж психологі Атажанова Жаннаға өз алғыстарын жеткізді.

 09.04 күні Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері ағаштардың түптерін ақтап,  колледж ауласына 20 түп ағаш отырғызды.

Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары облыстық туристік фестивальде жүлделі 2орынды иеленді. 8 команданың ішінде топ жарып,  алдыңғы қатардан көрінген әріптестерімізді құттықтаймыз.

А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Мысалмен айтылған көп ойлар" атты облыстық байқауға «Қасқыр мен қозы», «Қайыршы мен Қыдыр», «Қасқыр мен мысық» мысалдары сахналанып,  бейнероликтері жолданды. Жетекшілері- Әділханова Гүлжан,  Атажанова Жанна,  Сисенбаева  Гүлшараға және рөлдерде ойнаған студенттерге сәттілік тілейміз! 

 

Жарияланған күні: 0



7.04 күні 7 наурыз – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Менің денсаулығым – менің болашағым» апталық аясында «Көңілді старт» эстафеталық жарыс өткізілді.


Мақсаты: Салаутты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Студенттердің денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуныа жағдай жасау, бір – біріне деген достық қарым – қатынастарын дамыту. 
















24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта жаңадан келген көркем әдебиет кітаптарға таныстырылым сағаты өтті.


24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта  жаңадан келген көркем әдебиет  кітаптарға таныстырылым сағаты өтті. Мақсаты: жаңадан келген көркем әдебиеттерді студенттерге таныстыра отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапханашы Доғдырбаева Ж. колледж кітапханасының көркем әдебиеттермен толықтырылғанын айта кетіп, жаңадан келген кітаптарды барша студенттерге оқуға ұсынды.  


«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова колледж студенттерімен кездесу өткізді.


«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова  колледж студенттерімен кездесу өткізді. Мақсаты:  құқық бұзушылықтың алдын алып, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы ескерту.  Кездесу барысында мамандар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, заң талаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына тыйым салынған, пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін атап өтті. Студенттер кездесу барысында сұрақтар қойып, жауаптарын алды. 


22.02 күні Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде "Ерте жүктіліктің алдын алу" мақсатында қыз балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: отбасын жоспарлау және неке мәселелері бойынша кеңес беру, жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі туралы ағарту.


Колледж психологы Тулепова А. баланың психикасын өзгертетін жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі қандай екенін айтып, бейнеролик көрсетті. Колледж медбикесі Дүйсеева А. ерте жүктілік және амалсыз аборт қыздың денсаулығына орны толмас зиян келтіретінін айтып және оның одан әрі репродуктивті функциясына әсер ететінін айтып түсіндірді.  


17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.


Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.