Тәжірибелік конференция
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу – әдістемелік кабинеті
«Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі» МКҚК
Ақпараттық хабарлама
«Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі» МКҚК 2022 жылдың 14 сәуірде Төлеген Айбергеновтің 85 жылдығына орай «Т. Айбергенов поэзиясы және «Құмдағы мұнаралар» тақырыбында колледжішілік ғылыми – тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: Т.Айбергенов шығармашылығын кеңінен насихаттап, ғылыми ізденушілік қабілеттерін дамыта отырып, кәсіби білімдерін жетілдіру.
Міндеттері:
- Шығармашылық зерттеу іс-әрекетін дамытуға ықпал ету;
- Студенттердің ғылыми-танымдық белсенділігін арттыру.
Конференцияға қатысушылар: Колледж студенттері.
Өткізілетін орын: «Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі» МКҚК
Өткізу түрі: Оффлайн.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1- бағыт: Т. Айбергеновтың өмір шығармашылығы, лирикасының тіл көркемдігі.
2-бағыт: Т. Айбергенов шығармаларындағы Маңғыстау тақырыбы.
3- бағыт: Айбергенов аңсаған әлем (еркін тақырып).
4-бағыт: Қазақ әдебиетіндегі дара тұлға (ақынға берілген баға, пікірлер, әдебиет
майданындағы алар орны т.б.).
Конференцияға қатысу формасы: Өтінімдер (үлгідегі кесте бойынша толтырылуы қажет) және баяндамалар 2022 жылдың 8 сәуіріне дейін tgtk_fort@mail.ru электронды поштасына «Төлеген Айбергеновтің
85 жылдығына орай «Т. Айбергенов поэзиясы және «Құмдағы мұнаралар» тақырыбымен жіберілуі керек.
Конференцияның өткізу тәртібі:
1. Әр топтан 2 студент қатыса алады.
2. Баяндаманы таныстыруға 5-7 мин уақыт беріледі. Мәтін бойынша презентациялық слайдтар қолдануға болады.
Конференцияның материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Мақала мәтінінің көлемі А4 форматындағы 5 беттен аспауы керек (210x297 мм); өрістер: жоғарғы - 2 см, төменгі - 2 см, сол жақта -2см, оң жақта - 1.5 см;
- Шрифт: Times New Roman, шрифт мөлшері - 14;
- Жол арасы – 1 интервал, абзацтың бірінші жолындағы жол шегінісі - 1,25 см;
- Жоғарғы сол жақ бұрыштағы кіші әріптерде үтірмен бөлінген автордың аты-жөні, үтірмен бөлінген оқу орны, үтірмен - оқушы / оқушы;
- Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен лауазымы төменде көрсетілген;
- 1 интервалдан кейін баяндама тақырыбы жолдың ортасында бас әріптермен басылады, 1 интервалдан кейін баяндама мәтіні басылады, мәтінді туралау - ені;
- әдеби көздерге сілтемелер сілтеме ретінде көрсетілген, мысалы: [2,15 б.];
- Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен бір интервалдан кейін - 10 шрифтпен беріледі;
- Грамматикалық және стильдік қателер болмауы тиіс. Көрсетілген уақыттан кешіктірілген немесе талапқа сай емес мақалалар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды;
- Конференция материалдарының электронды нұсқасы https://tgtk-bautino.kz
колледж сайтында қол жетімділік үшін орналастырылады;
- Конференцияға қатысушылар диплом, сертификаттармен марапатталады.
- Баяндамалар мұқият өңделіп, антиплагиатқа тексеріледі.
Баяндаманы қорғау уақыты:
- Бағыт шеңберінде - 3-4минут;
- Ғылыми зерттеу жұмыстары қайтарылмайды.
· 7.1. Қабылданбайды және тіркелмейді:
· Құжаттардың толық жинақталмаған нұсқасы;
- Қателіктер жіберілген құжаттар жинағы;
- Бұрын жарияланған баяндамалар.
Өтінім формасы:
Қатысатын оқытушының аты – жөні (толық) |
|
Колледж атауы, мекен - жайы |
|
Лауазымы |
|
Тақырыбы |
|
Бағыты |
|
|
|
Байланыс телефоны (WhatsApp) |
|
Студенттер үшін |
|
Оқу орны |
|
Мамандығы, тобы |
|
Тақырыбы |
|
Бағыты |
|
Студенттің аты жөні (толық) |
|
Жетекшісінің аты –жөні, лауазымы, байланыс телефоны. |
|
|
|
Студенттің байланыс телефоны (WhatsApp) |
__73ec097013cc34ba014710f3bd60afca.jpg)
7.04 күні 7 наурыз – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Менің денсаулығым – менің болашағым» апталық аясында «Көңілді старт» эстафеталық жарыс өткізілді.
Мақсаты: Салаутты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Студенттердің денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуныа жағдай жасау, бір – біріне деген достық қарым – қатынастарын дамыту.

24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта жаңадан келген көркем әдебиет кітаптарға таныстырылым сағаты өтті.
24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта жаңадан келген көркем әдебиет кітаптарға таныстырылым сағаты өтті. Мақсаты: жаңадан келген көркем әдебиеттерді студенттерге таныстыра отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапханашы Доғдырбаева Ж. колледж кітапханасының көркем әдебиеттермен толықтырылғанын айта кетіп, жаңадан келген кітаптарды барша студенттерге оқуға ұсынды.

«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова колледж студенттерімен кездесу өткізді.
«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова колледж студенттерімен кездесу өткізді. Мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алып, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы ескерту. Кездесу барысында мамандар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, заң талаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына тыйым салынған, пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін атап өтті. Студенттер кездесу барысында сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

22.02 күні Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде "Ерте жүктіліктің алдын алу" мақсатында қыз балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: отбасын жоспарлау және неке мәселелері бойынша кеңес беру, жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі туралы ағарту.
Колледж психологы Тулепова А. баланың психикасын өзгертетін жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі қандай екенін айтып, бейнеролик көрсетті. Колледж медбикесі Дүйсеева А. ерте жүктілік және амалсыз аборт қыздың денсаулығына орны толмас зиян келтіретінін айтып және оның одан әрі репродуктивті функциясына әсер ететінін айтып түсіндірді.

17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.