сыбайлас жемқорлық
18.09 күні Түпқараған ауданы ПБ ЖПҚб ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Г.Байкуренова колледждің жасөспірім студенттерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптарын таныстырды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балаларға көлік жүргізуге рұқсат жоқ екенін қатаң ескертті. «Жасөспірім» жедел- профилактикалық іс-шарасы бойынша ЮПТ инспекторы кәмелетке толмағандарға қылмыстарға, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін пайдаланбау, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрмеуі керектігі ескертілді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын және рұқсат етілмеген заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі, психотроптық заттар) колледжге әкелмеу және өзімен бірге сақтап жүруге болмайтындығы ескертілді.
Облыстық «Парасатты отбасы» байқауының қатысушысы колледжіміздің оқытушысы Жоламанова Алтынгүлдің бейнеролигін тамашалаңыздар. Отбасындағы бауырмалдық, сүйіспеншілік, татулық, еңбекке баулуды насихаттап, өскелең ұрпаққа парасатты, адал отбасының үлгісін көрсетуді көздеген бұл бейнероликтің баршаңызға ой салары анық. Сәттілік серігіңіз болып, жүлделі орын иеленуіңізге тілектеспіз.
Студенттердің «Парасатты отбасы» байқауына қатысушы Жоламанова Алтынгүлдің дайындаған бейнеролигін тамашалау сәтінен. Олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру, адал, парасатты отбасы үлгісін насихаттау, отбасындағы бауырмалдық, сүйіспеншілікті көрсету , еңбекке баулу мақсатында колледж файесінде орналасқан теледидардан көрсетілді.
05.10 күні студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында колледж дәлізінде орналасқан теледидардан бейнероликтер көрсетілді.
Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінде Нұр Отан партиясы Бірлік филиалының ұйымдастыруымен студент жастар арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаттарын түсіндіру мақсатында ZOOM - платформасында студенттермен онлайн кездесу болып өтті. https://www.facebook.com/photo/?fbid=1317488635376661&set=pcb.1317488692043322&__cft__[0]=AZUZaobRURUZh6KY
19.10 күні колледж студенттерінің «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты облыстық байқауға дайындаған бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз.
Жастарды адалдыққа тәрбиелеу мақсатында колледжімізде үнемі іс-шаралар жүргізіліп, «Саналы ұрпақ» клубының жұмыстары оң нәтиже беріп келеді. Адал болуды өз үлгісінде көрсете білетін оқытушылардың арқасында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру оңайға түсуде. https://www.facebook.com/100013466105068/videos/3065336357012323/
Видео салыну керек
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында " Qazaqstan jastary" және "Mangystau-Аdaldyk alany" жобалық кеңсесінің облыс тұрғындары арасында жариялаған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты байқауына қатысушы Нұрдаулетұлы Рамазанның жұмысы. Сәттілік тілейміз. #Маңғыстаадалдықалаңы_байқау https://www.facebook.com/photo/?fbid=1323364388122419&set=a.106711593121044&__cft__[0]=AZUW507mSAxg2eBxSz
06.12 күні колледждің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі, Маңғыстау облыстық ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Сисенбаева Гүлшара 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Жемқорлықсыз әлем» атты форумға қатысып қайтты. Форумға арналған көрмеге колледж студенттері Табихова Ақбілек пен Нұрдәулетұлы Рамазанның жұмыстары қойылды.
29.10.21 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында өткізілген "Саналы ұрпақ" еріктілер клубының слеті аясында жолданған "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы "Әділет" тобының жұмысы жарияланды.
https://www.facebook.com/100013466105068/videos/302418485050774/
29.10 күні колледж студенттері арасында «Саналы ұрпақ» клубының слеті болып өтті. Колледждің студенттік парламент мүшелерінің атсалысуымен слет аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» суреттер байқауы, «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» бейнероликтер байқауы, жағдаятқа жауап, эстафеталық жарыс түрлері ұйымдастырылды. Әділқазылар бағалауы нәтижесінде «Жарқын болашақ» тобы- 1 орын, «Болашақ» тобы- 2 орын, «Әділет» тобы- 3 орын иеленді.
https://www.instagram.com/tv/CVsyODMFD4w/?utm_medium=copy_link
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,
Колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы бейнероликтердің инста байқауының қорытындысы бойынша Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының оқушысы Доғдырбай Шаттық- 1-орын, Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің 1курс студенті Сәбиев Махамбет- 2-орын, А. М. Горький атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Әбен Назира- 3-орын иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі студенттеріне АІІ бөлімінің аға инспекторы Жәлелов Қайратпен кездесу болып өтті. «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында алдын алу мақсатында сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында инспектор студенттерді қылмыс түрлерінің ұрлық, бопсалау, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу салдарының жауапкершілігі, жаза түрлері түсіндірілді.
Сұхбаттың соңында студенттер өз сауалдарына жауаптар алды

17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.