Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем
төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында
студенттерге арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме
жұмыстары жүргізілді.


17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.