Колледж тарихы
Маңғыстау облысы Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжi Түпқараған ауданындағы орта буын мамандарын дайындайтын, материалдық – техникалық базасы қамтылған, қазіргі заманға лайықты, көп бағдарлы оқу орындарының бірі.
Оқу орнының құрылған жылы:
Маңғыстау политехникалық колледжі Форт-Шевченко филиалы өз жұмысын 2004 жылдың 01 қыркүйек айында 13 оқытушымен бастады.
Алғашқы студенттерді «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», «Пісіру өндірісі» және де «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану» мамандықтарына (100 студентті) қабылдады. Форт-Шевченко филиалының директоры Нұрбердіханова Назгүл Батырбекқызы болып тағайындалып, колледж техникалық бағытта білім берді.
Нұрбердіханова Назгүл Батырбекқызы
2004-2015 жылдары аралығында Маңғыстау политехникалық колледжінің
Форт-Шевченко филиалының директоры
Өз алдына дербес «Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 2015 ж. 28 сәуірде Маңғыстау облысы әкімі А. Айдарбаетың қаулысымен құрылды. Колледж 2016 жылы алғашқы студенттерін қабылдады.
Заман талабына сай мамандық ашу – колледждің басты мақсаты болып табылады. Сол себепті Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі сұранысқа ие маман даярлау мақсатында, Маңғыстау облысы әкімінің 09.12.2022 жылғы № 245 қаулысымен колледж атауы «Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі» болып өзгертілді.
Мамандар қажеттілігін зерттеп – анықтау негізінде колледжде бүгінгі күні 7 мамандық , 11 біліктілік бойынша мамандар даярланады.
Колледж 2020 жыл 17 қазан «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» институтционалды аккредитациялаудан өтті. Кәулік ІА № 0231.
Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі «Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің 10.02.2023 жылғы № 52 нқ бұйрығымен аттестатталды.
Колледж ғимаратының жалпы ауданы -3185,1м2
Жобалық қуаты-250 орын.
Ғимаратта 5 кабинет арнайы пән бойынша «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кабинеті, «Дәнекерлеу ісі» оқу кабинеті, «Педагогика және психология» кабинеті, «Құрылыс материалдары мен бұйымдары» кабинеті, «Технологиялар және оқыту әдістемесі» кабинеті және 8 кабинет жалпы білім бойынша «Химия-биология» кабинеті, «Тарих және география» кабинеті, «Орыс тілі мен әдебиеті» кабинеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинеті, «Математика-физика» кабинеті, «Шетел тілі» кабинеті, «АӘД» кабинеті, «Информатика» кабинеті бар.
Лабораториялар: физика лабораториясы, химия лабораториясы, есептеу және бағдарламалар техникасы лабораториясы.
Шеберханалар:
1. «Ағаш өңдеу» шеберханасы
2. «Автокөлік агрегаттары мен тораптары құрылысы» шеберханасы
3. «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу» слесарлық шеберханасы
4. «Дәнекерлеу ісі» шеберханасы
5. Бокс-гараж.
Акт залы ауданы – 74,7 м2, музыкалық құралдармен және жиһаздармен жабдықталған.
Спорт залы ауданы- 427,47 м2, спорттық құрылғылармен талапқа сай жабдықталған.
2 компьютерлік сынып 38 компьютермен, 60 орынды акт залы, 50 орынды асхана, кітапхана, 1 медпункт.
Кадрлар даярлау 8 мамандық 11 біліктілік бойынша жүргізіледі:
• 01120100 -Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
• 07320100-Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану;
• 07150500-Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
• 3W07150501- Электргазымен дәнекерлеуші
• 07161300 -Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу
және пайдалану»
• W07161301 - Автомобиль жөндеу слесарі
• 3W07161303-Автомобиль көлігін жөндеу шебері
• 01140300-Көркем еңбек
• 06120100 -Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
• 06130100-Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша);
• 07210900 –Балық өндірісі
Дуальды оқыту колледж бойынша 7 мамандық бойынша 94 студентті қамти отырып жүргізіледі, 39 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалған.
Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп жасақталған 6 білім беру бағдарламалары Талап КЕАҚ реестрінде тіркелген.
1. «Қаражанбасмұнай» АҚ. Меморандум аясында материалдық-техникалық базаны нығайтуға- 54 217 428 теңгеге құрал-жабдықтар алынды. Студенттер оқу-өндірістік тәжірибеден өтеді.
2. «BLS-Servis» ЖШС.
2021 жылы "Жас Маман" жобасы аясында
-" Дәнекерлеу ісі" құзыреттілік орталығы,
- "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" құзыреттілік орталығы ашылды. «Жас маман» жобасы аясында 3 шеберхана, 2 оқу кабинеті, 1 бокс-гараж жабдықталды.